Ауа райыЖаңалықтар

Ауа райы болжамы: Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды

0
(0)

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 31 мамырда республиканың кейбір облыстарында қатты ыстық, ал қалған бөліктерінде жаңбыр мен бұршақ болады.

31 мамырда Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай кей жерлерде найзағай мен жаңбыр жауады.

Елдің тек шығысында, антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады.

Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button