Жаңалықтар

Тоқаевтың сайлауалды штабы: өңірлердегі кездесулер Абай облысынан басталды

Amanatpartiasy.kz дереккөздеріне сүйене отырып, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды, деп newsroom.kz хабарлайды. Өңірлердегі кездесулер Абай облысынан бастау алды.

Мәселен, облыстың ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.  Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.

Бұдан соң, Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты.

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті.

«Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр», – деді ол.

Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті.

Осы күні РҚШ мүшелері «Семей Цемент» АҚ-ға барып, кәсіпорынның еңбек ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы түсіндірді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.