ӘлемдеЖаңалықтар

Екі жасар америкалықтың IQ көрсеткіші 146 балды құрады

0
(0)

Калифорнияның екі жасар тұрғыны әлемнің ең ақылды адамдарына арналған «Менса» ұйымының ең жас мүшесі атанды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Оның зияткерлік коэффициенті 146 балға тең. Негізі ғұлама адамдардың өзінде бұл көрсеткіш 145 балдан жоғары болады екен. Анасы қызының есте сақтау қабілеті жақсы дамығанын айтады. Бір жарым жасында бүлдіршін әріптер мен сандарды танып, түстерді ажырата алатын. Қазір кішкентай қыз АҚШ-тың бүкіл 50 штатының картада қалай орналасқанын көрсетеді.

Сонымен қатар ол испан тілін оқып жүр. Айта кеткен жөн, бұған дейін «Менса» ұйымының ең жас мүшесі атағына Ұлыбритания азаматы ие болған. Ол екі жас 4 айында зияткерлік коэффициенті бойынша 142 балл жинаған екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button