COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтарНұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтанда қайтадан блок бекеттер қойыла ма?

0
(0)

 Індеттің өршуіне қарамастан, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан айналасына блок бекет қою мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«Блок бекет орнату туралы мәселе жоқ. Біз қабылданған шектеу шаралары оң нәтиже береді деген үміттеміз. Одан кейін эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитінін бақылаймыз», – деді Бейсенова баспасөз мәслихатында.

Десе де, айтуынша, егер эпидемиологиялық ахуал тым ушығып кетсе, былтырғыдай қатаң карантин енгізу мәселесі қаралуы әбден мүмкін.

Бейсенова соңғы үш күнде Нұр-Сұлтанда Covid-19 бойынша жағдай күрт нашарлағанын айтты. Осы күндері індетке шалдыққандар саны екі есе өскен. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық республика деңгейінен 2,9 есе жоғары болып тұр.

Елорда – 10 наурыздан бері коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақта».

Осыған байланысты қалада 30 наурыздан бастап карантин қатаңдатылады. Тиісті қаулыға бүгін қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды. Оған сәйкес, сауда орталықтарының жұмыс уақыты жұмыс күндері 17.00-ге дейін қысқарады, демалыста жабық болады.

9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, барлық мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқытуға көшеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button