Жаңалықтар

Шағын грантқа 300 000 теңге беріледі

0
(0)

Волонтёр жылы аясында «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобалары шағын гранттар байқауын жариялады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Байқау мақсаты –жобаларды іске асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту, экологияға және тарихи-мәдени мұраларға қатысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік беру.

Байқау 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.

Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін

300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 136 жеңімпаз анықталады.

Аталмыш байқауға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар,үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Байқауға волонтёрлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелідамуына бағытталған «Birgemiz» Волонтер жылын өткізу концепциясына сай жобаларқабылданады.

Ұйымдастырушылар:«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close