Жаңалықтар

Жүрек жетіспеушілігімен туған 6 айлық сәби коронавирусты жеңді

0
(0)

Жүрегінің ақауы бола тұра, алты айлық нәресте жұқпалы індеттен жазылды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі 4tololo.ru-ға сілтеме жасап.

Он жыл бойы бала сүюді армандаған ата-ана былтыр қазан айында сәбилі болады. Алайда екі айдан соң, сәбидің жүрек жетіспеушілігі анықталып, ота жасалады. Сәтті өткен отадан соң, нәресте кардиология бөлімшесінде тыныс алу жолдарына суықтап, жұқпалы ауруды жұқтырады. Осылайша Эма мен Уэйн баласының аман қалуына барын салады.

Бірақ дүниені шарлаған коронавирус індеті бұл отбасыны да айналып өтпеді. Ол аздай сәуірдің 10-на нәрестенің коронавирус жұқтырғаны белгілі болады. Өздігінен демала алмайтын ол аппаратқа таңылады.

Өмір сүруге әр баланың хақы бар. 6 айлық періште індетке төтеп беріп, ауруды жеңіп шықты. Ата-анасының қуанышында шек жоқ. Тірі қалуы екіталай нәрестені аман алып қалуда дәрігерлер бар күшін салған. Кейін белгілі болғандай, нәресте коронавирустан жазылып шыққан. Ауруханада ұзақ уақыт болған бала отбасымен қауышты, қазіргі кезде жағдайы бірқалыпты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close