Жаңалықтар

Қордайда ақсақалға қол көтерген әкелі-балалы Юнхуларға үкім шықты

0
(0)
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке себеп болған қарт кісіні таяққа жығып, денсаулығына залал келтірді деп айыпталған әкелі-балалы Юнхуларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Abai.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта 27 жастағы Марат Юнхуға бұзақылық жасап, адам денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді, оның 60 жастағы әкесі Эрсман Юнхуға бұзақылық жасады деген айып тағылды. Әкелі-балалы бұзақыдан зәбір көрген Құдашбаевтар отбасы сотта зардап шегуші деп танылды. Сот залында жарияланған үкімде осылай айтылды.

Сот 24 сәуір күні сотталушы Марат Юнхуды кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуге кесті.

«Юнху Марат Эрманэұлын ҚР ҚК 293 бап 3 бөлім 1 және 2 пункті (бұзақылық), 107 бап 2 бөлім 5 пунктіне (денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру) сәйкес қылмыстық құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылсын. Осы баптарға сәйкес екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазасы қылмыстық-атқару жүйесі орташа қауіпсіз мекемелерінде өтелсін», – делінген Жамбыл облысын Қордай аудандық сотының үкімінде.

Ал оның әкесі Эрсман Юнху болған оқиғаға кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  Оған қылмыстық кодекстің 293 бабы 2 бөлімі 1,2 пункттері бойынша айып тағылған.

Бұдан бөлек, сот әке мен баладан 3 миллион теңгеден астам моральдық шығын өндіруді, сондай-ақ сот шығындарын төлеуді міндеттеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close