42 500 теңге. Сотталушылар да алады

 255 

Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жұмыссыз қалған 124 сотталушыға 42 500 теңге алуға өтінім рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмыстан айырылған сотталушылар пробация қызметінің инспекторларына жүгінген. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен оларға жәрдемақы рәсімделген.

42 500 жәрдемақы түріндегі көмек ауылдық жерлерде тұратын сотталғандарға да тағайындалды. Солардың үшеуі Успен ауданында.

Айта кеткен жөн, пробация қызметінің негізгі міндеті сотталушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылады. Бұл өз кезегінде бұрынғы қамаудағылар арасындағы қылмыстың алдын алуға оң әсер етеді.

Бөлісу: