Инсульт алған павлодарлыққа жедел жәрдем 2 сағаттан кейін көмек көрсеткен

 678 

Пәтерге кіру үшін дәрігерлер мен құтқарушыларға шұғыл штабтың шешімін күтуге тура келді. Осы уақытта ер адам қансырап жатты. Көршілерінің айтуынша, ол батареяға басын соғып алып, есінен танып қалған.

Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Ол комаға түскен.

«Оқиғаға байланысты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізеді. Науқастың жағдайы денсаулық сақтау басқармасының жеке бақылауында. Біз қажетті шараларды қолданамыз», – деді басқармада.

Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр.

Соңғы ақпаратқа сәйакес, Павлодар облысында 127 адам коронавирус жұқтырған.

Бөлісу: