Жаңалықтар

Селжүк Байрактар: Технофестті бірігіп бауырлас Қазақ елінде де ұйымдастыруға болады

 

Түркияның Ыстамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі өтуде, деп хабарлайды newsroom.kz.

Биыл айтулы шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың технологияға деген қызығушылығын арттыру әрі Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Шараға қатысушы әрі оны ұйымдастырушылардың бірі – Түрік әскери әуе техникаларын өндіруші Селжүк Байрактар Тенхофесттің көкжиегі жылдан жылға кеңейіп кележатқанын айтады.


Селжүк Байрактар, Baykar Makina компаниясының техникалық директоры .
«Технофест Тәуелсіз Түрік елінің жобасы. Фестивалдің болашағы бар. Биыл біз алтыншы рет ұйымдастырып жатырмыз. Өткен жылы Әзірбайжанда өткізген болатынбыз. Ал, келешекте бауырлас елдерде ұйымдастыратын боламыз» «Қызыл алма» деп аталатын әскери әуе аппаратымыздан кейін ұшатын көлік және ғарыш аппараттарына ден қоюуымыз мүмкін. Бұл қазіргі заман талабы.»


Биылғы фестивалдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған бірлігі көпшілікке таныстырылды. Әсіресе аңызға айналған «Байрактар» ұшқышсыз әскери әуе аппаратына көптің қызығушылығы жоғары. Ал оны құрастырушы Селжүк Байрактар болашақта Қазақ елінде де мұндай фестивальдің өтуі мүмкін деді

.
Селжүк Байрактар: Baykar Makina компаниясының техникалық директоры.
«Біздің фестиваль мамырдың басына дейін жалғасады. Бауырлас Қазақ елін осы жерден көргім келеді. Біз түбі бір елдерміз. Ал, келешекте екі елдің жарқын болашағы үшін Технофесті бірігіп Сіздің елде де ұйымдастыруға болады. »

Ірі авиациялық шоуға әсіресе студенттермен мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Сондықтан олар осы күндерді жыл бойы күтеміз дейді.

Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек.

Ғани Өтепбайұлы, Ыстамбұл.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.