Жаңалықтар

Түкіріп жібердім: танымал депутат түкірікке түсінік айтты (Видео)

Құрметті достар!

Кеше Екібастұз қаласына сапар барысында «Хабар» агенттігіне, журналисттердің өтініші бойынша тікелей эфирге шықтым.

Сол кезде, эфир алдында жерге түкіріп жібердім – деп жазды белгілі депутат Ерлан Саиров өзінің фейсбук парақшасында.

Осы мәселе бойынша өзімнің түсінігімді беруді жөн деп ойлаймын – деген оның жазбасы желіде қызу талқыға түсті.

Осыған орай, Мәжіліс депутатының постын қаз-қалпында беруді жөн көрдік.

“Біріншіден,  қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам,  кешірім сұраймын. Екіншіден,  кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды.  Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек. Біз қоғам алдында әр- бір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс- тұрысымызды  түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін.

Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын! Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын.                                 

Ал Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек ретінде 1000 жылыту қондырғысы жеткізілді. Бүгін қала толық жылуға қосылды деген ақпарат келді.

Бүгінде елімізде өте үлкен техногенді проблема тұр. Бұл мәселені терең сараптап қарастыру қажет. Олигархиялық, монополиялық құрылымдар бұл мәселені ушықтыруда.

Қауым алдында «аяздағы түкірік» үшін тағыда Ғафу өтінемін!

Көп Рахмет!”

(с) Ерлан Саиров

Видеоны сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid036nsocE6nYP3Ex4WfefNzs2cEPtDrFNpaehWAnwPd6P3iLL45NER6AHZewggXm3r4l/?

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.