Жаңалықтар

Қазақстанға ҰҚШҰ әскері тағы кіргізілетін болды

ҰҚШҰ

Қазақстан қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдермен бірлесіп, жаттығу өткізетін болды деп хабарлады newsroom.kz порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, биылғы қазан айында Қазақстан аумағында Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының «Іздеу – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің «Эшелон – 2022» арнайы оқу-жаттығу өтеді.

Орталық Азия өңірінің Жедел өрістету ұжымдық күштерінің «Шекара – 2022» бірлескен оқу-жаттығуын Тәжікстан аумағында өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қырғызстанда бітімгершілік бөлімшелерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Іс-шаралар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.