ЖаңалықтарКадрлар кабинеті

Данияр Тұрғамбаев комитет төрағасының орынбасарлығына тағайындалды

0
(0)

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Тағайындалуға дейін Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі «Көлсай Көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметін атқарған.

Данияр Тұрғамбаев 1987 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «аңшылық тану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдарда Қонаев атындағы университеттің «қаржы» және «заңтану» мамандықтарын бітіген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын орман «Алтын емел» МҰТП-де маман болып бастаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button