ӘлемдеЖаңалықтар

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 11 адам жараланды

3.3
(4)

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендер саны 11 адамға жетті. Қырғызстанның Баткен облыстық ауруханасына оқ тиіп, жарақат алған 7 кісі түсті. Бұл туралы 24 kz телеарнаcының қырғыз еліндегі тілшісі Бақыт Чермашев мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі 

Баткен ауданының Көк-Таш ауылының тұрғындары тәжік сарбаздарынан су тарататын бекетте орнатылған видеобақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Бірақ екі жақ тіл табыса алмай, бір-бірін тілдеп, тас лақтыра бастаған. Соңы куәгерлердің айтуынша, атысқа және тіпті жарылысқа ұласқан. Бішкекте Баткен тұрғындарын қолдаған шеру өтіп жатыр. Үкімет үйінің жанына Қырғызстанның оңтүстік аймақтарынан шыққан 500-ге жуық адам жиналды. Олар Тәжікстанға жер бермеу керектігін айтып, жергілікті тұрғындарды шекаралас елдердің азаматтарының шабуылдарынан қорғауды талап етуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button