Жаңалықтар

Бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

5
(1)

Бейсенбі күні еліміздің кей бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды. Осыған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон жоталары әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button