Жаңалықтар

Экс-депутат Динагүл Тасованың эфирдегі киімі блогердің ашуын келтірді

3.8
(34)

Блогер Азамат Ерғали Facebook-тегі парақшасында Еуразия бірінші арнасында ауа райына қатысты бағдарламаны жүргізетін аты шулы экс-депутат Динагүл Тасованың Қасиетті Рамазан айында ашық-шашық киінетініне сынап тастады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Әдетте біреудің киім-кешегінде шаруам жоқ. Дегенмен бұл телеарна мемлекеттік бюджеттің қарамағында. Неге осыған қатысты пікірімді айтпасқа? Меніңше, жүргізушінің киімі анайы. Қазір барша мұсылман ораза тұтып жатыр. Телекөрермендерге сыйластықпен қарап, қарапайым киінуге болады ғой. Оған қоса бұл бағдарлама қазақша жүргізіледі. Оның орысша нұсқасын да қарап шықтым, онда жүргізушінің киімі қарапайым. Мүмкін Еуразия бірінші арнасында дұрыс костюмдер таусылған болар? Мен бәрін түсінемін, рейтинг деп жанталасады…Сонда да әріптестер, сіздердің талғамдарыңызға не болды?.., – деп жазды ол.

Айта кетейік, Динагүл Тасова аталған бағдарламаны былтырғы желтоқсан айынан бастап жүргізіп келеді. Оның студиядағы киімдері жүргізушінің сымбатты мүсінін айшықтап тұрады. Әр бағдарлама сайын ол кеудесі ашық киімдер киіп шығады.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 34

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button