ЖаңалықтарҚылмыс/Оқиға

Қазақстандық қыздарды шетелде жеңіл жүріспен айналысуға мәжбүрлеген

5
(1)

ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Бахрейнде сексуалды эксплуатация мақсатында қыздардың саудасымен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу барысын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары болған. Олар 2016-2020 жылдар аралығында еліміздің аумағында қыздарды алдап, Бахрейн Корольдігіне алып шығумен айналысқан.

«Жалпы, зардап шеккен 39 адамды анықтадық, олар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде 19 адам танылды. Олардың арасында үшеуіне іздеу жарияланды», – деді С. Әділов онлайн режимдегі брифингіде.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанның 6 азаматының шетелдегі тұрғылықты жері анықталды, осыған дейін оларды да сексуалды құлдықта ұстау үшін шетелге шығарған.

«Сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратурамен өзара іс-қимыл нәтижесінде қыздар Бахрейннен, Түркиядан және БАӘ-ден қайтарылды. Бізде трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен басқару бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды. Жақын арада қылмыстық істі тергеу аяқталады, айыптау актісімен сотқа жолданады», – деді Санжар Әділов.

Оның сөзіне қарағанда, анықталған барлық жәбірленуші елімізге қайтарылды. Оларға қандай да бір қауіп төніп тұрған жоқ. Еске сала кетейік, былтыр күзде сексуалдық құлдық үшін Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жеткізген қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Қылмыскерлер адамдардың сеніміне кіріп, шетелде көп ақша табуға болатыны жөнінде өтірік сөзге сендірген. Бойжеткендер келіскеннен кейін олардың құжатын рәсімдеу, зардап шегушілерді, оның ішінде кәмелетке толмағандарды заңды жолмен Бахрейн Корольдігіне алып шығуды ұйымдастырған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button