Жаңалықтар

Бас санитар елімізде коронавирустың екінші толқыны болатынын айтты

0
(0)

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова брифинг барысында коронавирус инфекциясының екінші толқынын қай кезеңде болатындығын болжап айтты деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенеттігінің тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бас санитар коронавирустың өздігінен жоғалып кетпейтінін, оның SARS, тұмауы сияқты маусым сайын бой көтеретін инфекциялар қатарына жататынын айтты.
«Алдын-ала мәліметтер бойынша, COVID-19 SARS және тұмау сияқты маусым сайын бой көрсетуімен сипатталады. Яғни, жұқпалы инфекция қыркүйектің соңы – қазан айының басынан төбе көрсетіп, сәуір айының соңы, мамыр айының басында басылуы мүмкін», – деді Есмағамбетова.
Бүгінгі таңда оның айтуынша, коронавирус – бұл жаңа вирус және күн сайын ол өзгеріске ұшырап отырады. Оның алдын-алу туралы жаңа мәліметтер пайда болуда.
Еске сала кетсек, дүниежүзіне тараған індетке қарсы екпенің қашан пайда болатыны белгісіз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close