Жаңалықтар

Кәсіпкер «Ернар Айдарды «жұлдыз» емес «шегіртке» деп атады

0
(0)

Қазақстандық кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Ернар Айдарды шегірткеге теңеді. Ол жұлдыз деп атауға лайық емес деген пікір айтты. Кәсіпкер бұлай айтуының себебін де түсіндіріп өтті деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі
altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылған.
Кәсіпкер, қазақтілді бизнес тренерлердің бірі Ахметбек Нұрсила Ернар Айдарды шегірткеге теңеді. Ернар ғана емес, қазіргі қазақ эстраданың жас әншілерін жұлдыз деп атауға қарсылығын айтты. Бұл ретте бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепбергенге де сын айтты.
“Дина Төлепберген, сіз де, басқалардың да осы әншілерге қатысты айтқанда кінәңіз бар. Шегіртке әншілерді әлдеқандай «жұлдыз» деп атайсыздар. Жұлдыз деген аспанда ғана. Қол жетпейтін, жол сілтейтін дүние. Шоқтығы биік тұлғаларды сондай жұлдызға теңеген. Әл-Фарабиді, Абайды, Шәкірімді, Ыбырайды не еңбегі сіңген тұлғаларды жұлдыз деуге сияды. Ал, мынадай секіріп билеп, біреудің әнін айтып жүргендер жұлдыз ба? Мен Ернар Айдар деген баланы танымаймын да. Себебі ондай шегірткелерді тыңдамаймын. Қазір шегірткелер көп қой. Баяғыдағы Балуан Шолақ секілді әнді өзің жазып, өзің әнін жазып өзің орындасаң екен. Абай айтады Крыловтан аудармасында “Шырылдауық шегіртке, Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған” дейді. Дәл осындайларға арналған. Біреудің әнін айтқан адам орындаушы не жай ғана әнші, бірақ жұлдыз емес. Жұлдыз болу үшін еңбегің сіңу керек. Танымалдың бәрін жұлдыз деп санау дұрыс емес”, – деді кәсіпкер.
Еске сала кетсек, танымал әнші желіде лотерея ойнатып, басы дауға қалған болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close