ӘлемдеЖаңалықтар

Сәбилеріне Мұхаммед және оның отбасы мүшелерінің есімін қойғандарға 100 мың рубль төленеді

3.8
(8)

Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат Қадыров атындағы қор 29 қазанға қараған түні дүниеге келген балаларға Мұхаммед пайғамбар мен оның туыстары және сахабаларының құрметіне ат қойған отбасылардың әрқайсысына 100 мың рубльден (шамамен 542 мың теңге) төлейді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Шешенстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Хабарламаға сәйкес, бұл жыл сайынғы акция, бірақ бұған дейін тек оған ер балалардың ата-аналары ғана өтініш бере алған.

«Мұхаммед пайғамбардың көптеген есімдері болған. Олардың ішінде: Ахмад, Махмуд, Хамид, Амин, Шахид және басқалары», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар пайғамбардың жеті баласы болғанын еске салады: ұлдары – Абдуллах, Ибрахим, Қасым және қыздары – Үммігүлсім, Фатима, Рукайя және Зейнеп.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close