Жаңалықтар

Наразылық танытқан жұрт Боратты табытқа салды

5
(2)

Наразылық шарасын «Адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Америкадағы қазақтан қорланбасын», «Елтаңба, ту, мемлекеттік рәміздер біздің меншігіміз», «Нәсілшілдікті тоқтатыңыз», – деп наразалық білдірді жиналған топ.

Олар Бораттың суретін табытқа салып, үстіне АҚШ туын қойып жерледі. Егер Бораттың «қазақты қорламадым» деген сөзі рас болса, онда фильмді жойсын, дейді наразалық білдіргендер.

«Борат» екі елдің арасына от салып, қазақтың намысына тиді. Біз қарапайым халықпыз. Кино түсіретін болса, қазақтың қонақжайлылығын, кең байтақ даласын көрсетсін», – десті жиналғандар.

Наразылық білдірушілер петицияға қол қойып, оны АҚШ-тың Алматыдағы елшілігіне тапсырмақ болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close