Жаңалықтар

Сұмдық! Қайрат Нұртастың анасы Баян Мақсатқызының ашуына тиді

Әлеуметтік желіде Гүлзира Айдарбекованың басы тағы да дауға қалды. Ол бұл жолы отандық шоу-бизнесте алғаш фильм түсірген өзі екенін айтып, Баян Алагөзованың ашуына тиген, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Гүлзира Айдарбекова кезекті сұхбатында қазақ шоу-бизнесінде бірінші болып кинотуынды таспалағанын айтқан. Ол картина — Қайрат Нұртас басты рөлді сомдаған «Өкініш» фильмі депті.

Мен шоу-бизнесті оқыған жоқпын. Бірақ осы шоу-бизнестің арасында ең бірінші болып мен кино түсірдім. Қайраттың «Өкініш» киносын түсірдім. Ол кезде Қайрат өте жас еді, ары кетсе 19-20 жас. Кейін өнер адамдарының арасында кино түсіру басталып кетті, — деді Қайрат Нұртастың анасы.

Гүлзира Айдарбекованың бұл әңгімесін естіген көпшілік бірден сынға алып, жағымсыз пікірлеріне жазған. Өйткені олар атышулы продюсердің сөзі шындыққа жанаспайтын айтып, бірнеше дәлелдер келтірген.

«Гүлзира сондай сайқал. Ылғи өтірік айтқанды жақсы көреді», «Өкініш» фильмі 2013 жылы шықты. Ол кезде Қайрат 24 жаста», «Апай, қоя қойыңыз. Баян түсірді ғой «Коктейль для звезды»фильмін. Шатаспасам 2010 жыл, «Осы қатын-ақ мен-мен деп тұрады екен», — деп сынады желідегі жұрт.

Қазнетті шулатқан Айдарбекованың бұл сұхбаты Баян Мақсатқызының да құлағына жеткен көрінеді. Алагөзова өзінің Instagram-дағы Storis бөлімінде әріптесі Гүлзираның әңгімесін жоққа шығарып, 2010 жылы «Ғашық жүрек»(Коктейль для звезды) фильмін түсіргенін айтыпты.

Ммм… Дааа… Гүлзира апай, 2010 жылы түсірілген «Коктейль для звезды» фильмін көріңізші, өтініш», — деп жазды Баян Алагөзова.

Фото: exk.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.