Жаңалықтар

Қытайдан тағы да коронавирус шықты

Ауру «дельта» штамның салдарынан өршіп кетті деген болжам бар.

Қытайдың Гуаньсу провинциясының орталығы – Ланьчжоу қаласында коронавирус инфекциясы өршіп кеткеннен кейін қатаң карантин жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Ланьчжоу қаласында шамамен 3,5 миллион адам тұрады. Қатаң карантинге сәйкес, қатты қажеттілік болмаса, үйден шығуға болмайды. Жергілікті билік адамдардың далаға не үшін шыққанын бақылайды. Азық-түлікті жеткізу қызметі де тапсырысты есіктің алдында қойып кетуге міндетті.

Қоғамдық көлік пен такси тоқтатылады. Ал теміржол вокзалында 70-ке жуық рейсті шығармауға шешім қабылданды. Соның ішінде Бейжің мен Сианьге баратын пойыздар да бар.

China Southern Airlines әуе компаниясының өкілі Бейжің мен Ланьчжоу арасындағы рейстердің тоқтатылғанын растады. Әзірше ұшақтардың қай кезде адам тасымалдауды бастайтыны белгісіз.

Дүйсенбі, 25 қазанда Гуаньсу провинциясында коронавирус жұқтырған 51 адам анықталды. Ланьчжоудың өзінде 6 науқас тіркелді.

Жалпы, 17 қазаннан бері Қытайдың 11 провинциясында коронавирус жұқтырған жүздеген адам анықталды. Ауру «дельта» штамның салдарынан өршіп кетті деген болжам бар. Қытай үкіметі инфекция жұқтырған адамдарды бірден оқшаулауға тырысып жатыр. Ал тәртіпке бағынбайтын адамдар қызметтен босатылып, түзеу жұмыстарына жіберіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.