ЖаңалықтарШымкент қаласы

Тұрғындар саны ең тығыз Шымкентте халық санағына неше адам қатысады?

0
(0)

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Шымкент қаласының 2021 жылы өтетін Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы newsroom.kz порталының өңірлік тілшісі stat.gov.kz сілтіме жасаған хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың Ұлттық халық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде жұмыстың нәтижелі болуы үшін, өңірлерде ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізу керек.

«Шымкенттегі біздің интервьюерлеріміздің алдында өте маңызды үлкен жұмыс тұр. Соңғы жылдары қалада көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан бұрынғы картографиялық деректердің өзектілігі жоғалды. Санақтың негізгі кезеңінде қателіктер жібермес үшін, қазір алдын-ала кезеңде интервьюерлер барлық көшелердің атауларын, үйлердің реттік нөмірлерін және басқа да деректерін нақтылауы қажет», – деп атап көрсетті Айдапкелов.
Шымкентте 29 нұсқаушылық және 198 тіркеу учаскелері құрылған. 4 мамырдан бастап ұлттық санақ жүргізу жөніндегі нұсқаушылармен (уәкілетті 21 адам) еңбек шарты жасалды. Нұсқаушы-бақылаушылармен және интервьюерлермен ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісім шарттар бар. Санақты сапалы өткізу үшін 248 адамнан тұратын барлық санақ қызметкерлері, оның ішінде халық санағын жүргізу жөніндегі 21 уәкіл, 29 нұсқаушы-бақылаушы, 198 интервьюер тәжірибелік жаттығуларға қатысып, статистика департаментінің базасында тестілеуден өткізілді.
Алдын ала алынған мәліметтер бойынша бірінші кезең интервьюерлері 223 308 тұрғын үй мен адамдар тұруы мүмкін тұрғын емес орынжайларды аралауы тиіс.

Ұлттық халық санағына онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!»

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button