ӘлемдеЖаңалықтар

Тәліптер таяу: тәжікстандық әскерилер күшейтілген режимге көшті

5
(1)

Ауған-тәжік шекарасында қызмет ететін тәжік әскерлері күшейтілген жағдайға ауыстырылды.

Бұл туралы newsroom.kz тілшісі  avesta.tj сілтеме жасап хабарлайды. Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, бұл жағдай көршілес Ауған елінде орын алып отырған соңғы жағдайларға байланысты болуда.

Соңғы он күн ішінде Ауғанстанда үкімет пен тәліптердің арасында шекарадағы төрт облыста кескілескен шайқастар жүрген. Нәтижесінде, тәліп тарапы сегіз аудан мен екі шекара бекетін өздеріне қаратып алған.

22 маусым күні тәліптердің тегеурініне шыдай алмаған бір топ ауған әскері «Шерхан Бандар» шекара бекетіндегі «Пяндж» бақылау бекеті арқылы өтсе, 27 маусым күні 130 ауған әскері қатты қарсылық салдарынан Тәжікстан аумағына өтіп кеткен.

«Күні кеше ғана Балх облысындағы Калдор уездіне қарасты Чукчук елдімекенінің маңындағы сағат 12:50 болған тәліптердің қуатты шабуылдарының нәтижесінде үкіметтік (АИР – Ауғанстан Ислам Республикасы) «Шахритус» шекара отрядының 1-ші постының 17 сарбазы өмірлерін сақтап қалу мақсатында Тәжікстан Республикасының аумағына өтіп кетті» делінген аталмыш хабарламада.

Тәжік тарапының шекара қызметінің хабарлауынша АИР мен тәліптер арасындағы соғыс әлі де жалғасуда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button