Жаңалықтар

Тапсырыс бойынша әйелін өлтірткен ер адамға байланысты сот үкімі шықты

0
(0)

Оқиға былтыр күзде болған. Кішкентай қыздың көз алдында анасы Светлананы өлтірген.

Ата-енесінің айтуы бойынша, ерлі-зайыпты кешке бір жасар қызын ертіп, «Магнумға» (Қапшағай тас жолының бойындағы) азық-түлік алуға барады. Қайтар жолда күйеуінің кіші дәретке барғысы келіп, тас жолдан төмен сайға қарай түседі. Ал ол кері оралғанда жол бойында әйелінің қан-қан болып жатқанын көреді. Ол өзінің әйелінің өліміне еш қатысы жоқтығын айтты.

Алайда Светлананың туыстары күйеу баласынан күдіктенеді. Өйткені отбасында бұған дейін ұрыс-керіс болған. Ер адам ажырасып, қызын алып кетемін деп жүрген. Полиция екі күдіктіні ұстады. Оның бірі – марқұм әйелдің күйеуі.

Биыл 27 сәуірде Қарасай ауданы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы екі күдіктіге қатысты сот үкімі шықты.

Марқұмның 38 жастағы күйеуі Е. 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.

1986 жылғы екінші сотталушы М. да сол бап бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оларға марқұмның отбасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button