ЖаңалықтарСұхбат

Айгүл Иманбаева: Алғашқы махаббатым Митхун Чакрабортиға ұқсайтын

2.8
(5)

Айгүл Иманбаева «Ең алғашқы» бағдарламасында алғашқы махаббатын есіне алды. Актрисаның айтуынша, жігітпен қосылуына анасы қарсы болған. Бала махаббаттың тоғызыншы сыныпта басталып, өмірінің жарты жолына дейін жалғасып, неге баянсыз болғанын әнші былай жеткізді.

Алғашқы махаббатым мені іздеп қалаға келгенде бетін қайтардым. Енді келме, менің жігітім бар дедім. Ол үйленбей өте ұзақ жүрді. Тіпті мен Сәбитпен тұрмыс құрып, арада бала болған кезде де үмітін үзбеді. Мен айырылысқаннан кейін тағы келіп сөз салды. Қосылайық деді. Мен балалы, ажырасқан әйелмін. Сен әлі үйленбеген бойдақсың. Біз тең емеспіз, өз сыңарыңды тап дедім. Ол кезде де үмітін үзе алмай он жылдай жүрді. Соңында менің оған қосылмайтынымды түсінгендей болып, үйленді. Бірақ, көп ұзамай жүректен қайтыс болды. Артында ұлы қалды» – деді Айгүл Иманбаева.

Анасының қаталдығынан алғашқы махаббатына қосыла алмаса да, ұлының әкесімен тұрмысы баянды болмаса да, өмірінің бір сәтіне де өкінбейтін актриса бақыттымын дейді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.8 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button