ЖаңалықтарКүршім ауданыШығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да бюджеттің 110 миллион теңгеден астам қаржысына төселген жол ойылып қалған

5
(1)

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Алғабас ауылына апаратын жолға былтыр жөндеу жұмыстары жүргізілсе де, жарты жылдан соң жолдың тоз-тозы шыққан. Өкініштісі жолды жөндеуге бюджеттен 110 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ мамандар Алғабасқа апаратын жол жаңа технология бойынша төселгенін мәлімдеген еді. Десе де тұрғындар атқамінерлердің уәдесіне сенбейді. Олар алты айдан соң жолдың опырылып қалғанын видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  altaynews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше жолдың жөнделуін әсіресе жергілікті халық көп күткен екен. Алайда тұрғындардың көңілі арада алты ай өткен соң су сепкендей басылған. Себебі жолдың тоз-тозы шығып, опырылып қалған. Күршімдіктердің айтуынша жолдың сапасы сын көтермейтін көрінеді. Олар оны видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Бейнежазбада ойылған асфальтті анық көруге болады.

Алғабасқа кетіп бара жатқан жол. Осы күзде ғана «ремонт» жасаған, көріңіздер. Қаншама ақша бөлінген… Жолдың бәрі ойнап кеткен ғой, Құдай сақтасын, жөнделген жолдар осындай болса»,-дейді видео авторы.

Белгілі болғандай Күршім-Алғабас учаскесін жөндеу жұмыстарына былтыр бюджеттен 110 млн теңге бөлінген. Ал жөндеу жұмыстарын «Марқакөл жолдары» ЖШС жасаған. Басылым журналистері аталған видеоға қатысты түсініктеме алу үшін, Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан. Алайда жауапты бөлім өкілдерінен мардымды жауап ала алмаған. Олар тіпті тілшінің қоңырау шалғанын ұнатпаған екен. Десе де басылым тілшілері көптің шағымымен аталған учаскеде сараптама жүргізіліп жатқандығын анықтап білген.

Жаңа төселген асфальт жарты жылда көріп отырғандай, ал 5 жылда не болады? Жаңа құрылыстың кепілі бар шығар, жөндейді деп үміттеніміз»,-дейді аудан тұрғындары.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button