ЖаңалықтарСұхбат

 Айгүл Иманбаева: Әкем ішіп келгенде, үйден безіп кететінбіз

3.9
(11)

Кино және театр актрисасы, әнші Айгүл Иманбаева «Ең алғашқы» бағдарламасында ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. 5 жасында ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін, әкесін қайта қабылдау, кешіру қиын болғандығын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Айгүлдің шешесімен 11 жыл отастық, екі қыз, бір ұлым бар. Дәм-тұзымыз жараспады. Айгүл 5 жасында кетті. Кішкене жүздетіп келемін ылғи. Келемін де қыздарымды көргім келеді. Ал олар менен қашады»-дейді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесінің жиі ішіп келетіндігін актриса сол заманның талабы солай болған шығар деп болжайды. Нағашы туыстарының арасында, көрші-қолаңның ішінде ішіп алып, үйлерінде айғай-шу, ұрыс-керісті көп көрген Айгүл Иманбаева маскүнемдерге деген қорқыныш бала кезінен қалып қойғанын жеткізді.

Әкем жүз граммдатып келгенде біз шынымен үйден безетінбіз. Арықтың ішіне, сабанның үстіне, шөптің ішіне тығылатынбыз. Ішкен адамнан қорқыныш болды. Біз шынымен қатты қорқатынбыз. Жүз граммнан қалған бала кездегі қорқыныш осындай болды» – дейді Айгүл Иманбаева.
Бала күнгі қорқыныштар мен өкпе-назды ұмыту үшін актрисаға 40 жыл қажет болған. Бүгінде әкесінің жаңа отбасымен, ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

«Соңғы жылдары ұлым үйленді. Сол кезде Айгүл маған хабарласты. Балаңыз үйленіп жатыр, шешеміз бізді күлге аунап тапқан жоқ, сіздің де балаңыз емес пе? Тойына кел!-деді. Сондай дөрекі сөйледі, сен деп сөйлегенін мен көңіліме алдым. Ашуландым, бармаймын деп телефонды тастай салдым. Бірақ жолдастарым бұл маған берілген мүмкіндік екенін, бала-шағаммен араласудың уақыты келгенін түсіндірді. Тойға бардым. Айгүлдің өзі күтіп алды. Телефонмен дөрекі сөйлескенімен, кездескенде жылы жүздестік» – деді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесін кешіріп, қабылдаған Айгүл Иманбаева енді тұрмыс құруға жолы ашылатындығына сенімді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 11

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button