ӘлемдеЖаңалықтар

Бельгия үш ел азаматтары үшін шекарасын жапты

0
(0)

Үндістан, Бразилия мен Оңтүстік Африкадан келетін жолаушылар уақытша  Бельгия аумағына кіре алмайды. Осыған орай осы елдермен қатынайтын әуе, теміржол, теңіз және автобус тасымалы уақытша тоқтатылды. Биліктің бұл шешіміне бір апта бұрын Үндістаннан Бельгияға келген 20 студенттен коронавирус індетінің анықталуы себеп болды.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, науқастар Үндістанда шыққан жаңа штамды жұқтырған. Аталған мемлекеттерден тек дипломаттар, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен көлік қатынасының қызметкерлері ғана Корольдіктің шекарасынан өте алады. Алайда олар елге кірер алдында екі мәрте ПТР тест тапсырып, карантиннен өтулері тиіс.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button