Жаңалықтар

Ернар Айдар заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке ілінді

0
(0)

Жүлдеге екі седан, екі джип, Алматыдан пәтер, сондай-ақ, түрлі тұрмыстық техника қойылған.

«Лотереяны ұйымдастырушылардың меншігінде мұндай жүлде болмаған, олар адамдарды алдау және қатысушыларды сендіру үшін жеке тұлғалардан төрт автокөлікті жалға алған. Интернетте жарнама арқылы 20 000 лоторея билеті сатылған, әр билеттің құны – 9 900 теңге. Кездейсоқ сан арқылы жеңімпазды анықтауға арналған қосымшаға ұтысқа ие болатын билеттер нөмірі алдын ала енгізіліп қойған», – делінген хабарламада.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға тағылған айып қылмыстық кодекстің 190-бабы («адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған алаяқтық») деп өзгертіледі. Бұл бап бойынша ұсталғандарға мүлкі тәркіленіп, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Ернар Айдар және тағы 12 адам тікелей эфирде ұтыс ойнатып жатқан кезінде ұсталғаны белгілі болды. Сол кезде полиция оларды төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close