Жаңалықтар

Ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болады?

0
(0)

Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев коронавирус инфекциясына тест тапсырып, ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болатынын айтты, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі  zakon.kz сілтеме жасап.

Инфекцияға тексерілу үшін біздегі зертханалардың біріне хабарласуыңыз керек. Бүгінгі таңда бізде ұлттық сараптама орталығының зертханасы, Алматы қаласындағы ұлттық денсаулық сақтау орталығының зертханасы, Алматыдағы Medical Partners Korea зертханасы және осы жобаға қатысатын екі үлкен Olympus және Invivо желілік зертханалары бар. Тесттің құны әр жерде әртүрлі: бір ПТР зерттеуінің бағасы 9-10 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін», – деді Нұртаев.

Оның айтуынша, тест нәтижелері 24 сағат ішінде дайын болады.

Жолаушыларға арналған тест нәтижелерінің жарамдылығы – 7 күн. Менің білуімше, экипаж мүшелері үшін ол екі аптаға, тіпті одан да көп уақытқа жарамды, – деді ол.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақтар ұша бастайды. Ұшаққа отыру үшін жолаушының қолында теріс нәтижесі бар COVID-19 тесті туралы анықтама болуы керек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close