Жаңалықтар

«BIRGEMIZ» қоры Шымкенттік 12 мыңға жуық азаматқа 50 мың теңгеден көмек көрсетті

0
(0)

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізді.
Алдағы уақытта тағы да 19 766 отбасыға 50 теңгемен қамтылатын болады. Қазіргі таңда тiзiм бойынша қаражат бөлу процессі жүрiп жатыр.

Айта кетсек, күні кеше 11 904 отбасы мүшелерінің жеке есеп шоттарына қордан 50 мың теңге аударылды.
Апта аяғына дейін қаражат барлық азаматтардың есеп шотына түседі.

Ал аталған жәрдемақы келесідей 7 түрлі санатқа кіретін азаматтарға ғана тиесілі: Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, бірінші топ мүгедектер, мүгедек бала күтімімен отырған жандар, зейнетақысы төмен және аз қамтылған зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлері қамтылады.

Яғни, ел басына күн туғанда ешбір жан қиналып қалмасын деген ниетпен барынша тиісті көмектер беріліп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close