Жаңалықтар

Қазақстанда вакцина әзірлеуге 3 жыл кетеді

0
(0)

Денсаулық сақтау минстрлігі «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев Қазақстанда қашан вакцина дайын болатынын айтты, – деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі   Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«Бүгінде вакцина дайындау бойынша арнайы зерттеу жұмыстары басталды. Кандидат ретінде төрт вакцина таңдалды. Екі вакцина Ұлттық биотехнология орталығында, тағы екеуі Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орталық, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі институтта дайындалып жатыр», – дейді Нұртаев Денсаулық сақтау министрлігінің брифингінде.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцинаны әзірлеуге үш жылдай уақыт керек болады.

«Вакцинаны әзірлеу ұзақ уақыт алады. Яғни, оны әзірлеп, тәжірибеден өткізуге үш жылдай кетеді. Қазіргі сәтте жұмыстар басталып кетті. (…) Біздің болжамымыз бойынша, үш жыл тек жұмыстардың аяқталуы мен тәжірибеге кетеді», – дейді Арнұр Нұртаев.

Арнұр Нұртаев дүние жүзі бойынша 7 вакцина дайындалып жатқанын айта кетті.

«4 қытайлық өндірушілер, 3 еуропалық және америкалық өндірушілер. Олар өздерінің вакцинасын жасап, қазір ол клиникалық сынама деңгейінде. Меніңше, ол вакциналар жарты жыл мен бір жарым жыл аралығында ашылады», – дейді Нұртаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close