Жаңалықтар

Шаштараздар қашан ашылады?

0
(0)

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен шашатараздар мен сұлулық салондарының қай кезде ашылатынын айтты, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі  SputnikNews.kz сілтеме жасап.
«Сұлулық салоны мен шаштараз сияқты орындарды ашу мәселесі үшінші кезеңде қаралады. Қоғамдық көлік те әзірше жүрмейді. Себебі ол жерде коронавирустың таралу қаупі бар. Сондықтан қоғамдық көлікті жандандыру жұмысы 11 мамырдан кейін нақтыланады. Шешімді мемлекеттік комиссия шығаратын болады», – деді Мәкен бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, блок-бекеттер әзірше алынбайды. Өйткені карантин кезінде көлік пен адам қатынасын бақылау қажет.

Айта кетейік, 27 сәуірде карантиннен шығудың екінші кезеңі басталған болатын. Соның аясында қаржы-сақтандыру ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, риелторлық компаниялар, мүлікті бағалау агенттіктері, тұрмыстық техниканы және саяжай заттарын сататын дүкендер ашылды.

Бұдан бөлек, астаналықтарға аулаға шығуға және саяжайға баруға рұқсат берілді. Алайда санитарлық нормалар қатаң сақталуы шарт.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close