Жаңалықтар

Министр Сұлтанов: азық-түлік бағасы қымбаттайды

0
(0)

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасының өсуіне себеп болатын проблемаларды атады, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі   SputnikNews.kz сілтеме жасап.

Біріншіден, министрдің айтуынша, азық-түлікті ұзақ сақтау үшін сапалы инфрақұрылым жетіспейді. Тиісінше, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығынын арттырады.

«Екіншіден, сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады. Үшіншіден, сауда инфрақұрылымының ескі форматтары өнімді тиімді таратып және ұзақ мерзімді кезеңге бағаны тұрақтандыруға жол бермейді», – деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, елдегі көлік-логистика жүйесінің қымбат әрі тиімсіздігі транзиттік мүмкіншіліктер мен экспорттық потенциалды толық ашуды қиындатады.

«Енді өндіріс пен тұтыну балансы туралы айтатын болсақ, ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатындығы айқын. Алайда, қазіргі инфрақұрылым, жетілдірілмеген логистика, тауар айналымына қатысушылардың өзара нақтыланбаған іс-қимыл бағаның едәуір өсуіне алып келеді. Еліміздің әрбір азаматы осындай жағдайды әсіресе маусымаралық кезеңде сезінеді», – деді министр.

Айтуынша, жыл сайын ақпаннан мамырға дейін, егін қоры таусылып, көрші елдерден жаңа өнім келе бастағанда баға өседі. Ал бұл инфляцияға теріс әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, республикада көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығы шамамен 70%-ті құрайды, ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 90%-ке жетеді.

«Бұл өнім шығынына және оны ұзақ сақтап қалу мүмкіншілігінің болмауына алып келеді. Мәселен, көкөніс пен жемістің шығыны 19%-ті, ет пен сүт өнімдерінің шығындары 5%-ті құрайды. Кәсіпкердің барлық шығыны өнімнің түпкілікті құнына әсерін тигізеді», – деді Сұлтанов.
Бұдан бөлек, ол базарлардың бірде бірі заман талабына сай емес екенін атап өтті.

Қазір елімізде 750 сауда базары жұмыс істейді, оның басым бөлігі (51%) стационарлық емес.

«Базарларда тауарды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманауи жүк түсіру (қазір оны «кросс-док» деп атайды) және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді. Әрине, базарларда тауар ағындарын бақылау бойынша ақпараттық жүйе де жоқ», – деді Сұлтанов.

Министр қалаларда карантин енгізілуіне байланысты болған дүрбелең осы мәселелерді тағы да айқындап бергенін айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close