ӘлемдеЖаңалықтар

Қарабақ қақтығысы: Армения әскерилері үлкен шығынға ұшырауда

4.2
(17)

Армения мен Әзірбайжан арасындағы қарулы қақтығыс шиеленісу үстінде. 28-қыркүйек күні Әзірбайжан Тартар қаласына Арменияның соққы жасағанын мәлімдеді. Ереван 55 жасқа дейінгі ер азаматтарды әскерге шақырса, Әзірбайжан жартылай соғыс жағдайындағы режимді жариялады. Таулы Қарабақ пен Әзірбайжан шекаралас аймақтарында артиллериялық соққы алмасу тоқтар емес. Әзірбайжан 5 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын айтты. Армения тарапынан 2 бейбіт тұрғын опат болған. Әзірбайжан ақпарат көздері Арменияның 550 сарбазын жойдық деген ақпарат таратты. Алайда бұл ақпаратты Ереван жоққа шығарып, өз жағынан 59 жауынгердің опат болғанын мойындады. Армения президенті «Таулы Қарабақта Түркия жіберген содырлар бейбіт тұрғындарды қыруы мүмкін» деген болжам айтуда.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 17

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close