Жаңалықтар

Бес-ақ тәулік пе: Тілді қорлаған Божкоға «қатаң жаза» тағайындалды

0
(0)

Қазақ халқы мен тілін қорлаған Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Александрович Божкоға қатысты 22 қыркүйек күні әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талабына бағынбау) бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында шыққан жазбаларға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

2020 жылғы 22 қыркүйекте сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-бөлігі полиция қызметкерінің талабына бағынбау бойынша қала тұрғыны К. Божкоға қатысты іс келіп түсті.
Бұл бап бойынша ескерту немесе айыппұл түрінде 20 АЕК немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Сот құқық бұзушылықты дәлелденген деп таныды. Ауырлататын жағдай алкогольдік масаңдық жағдайын анықтады.

Божконың бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғанын ескере отырып, Сот ең қатаң жазаны – 5 тәулікке қамауға алу туралы жаза тағайындады.

Заң бойынша соттың адамды заңның неғұрлым өзге қатал бабы бойынша жауапқа тартуға құқығы жоқ.
Бұл мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады» делінген Рудный қаласы әкімшілік сотының ресми парақшасында.

Төменде Кирилл Божкоға қатысты сот үкімінің көрсетілген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close