Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Атамекен» экспедициясы басталды

0
(0)

«Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай экспедиция бастады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Экспедицияның негізгі мақсаты – өңірлердің тарихи-мәдени және туристік әлеуетін таныту.

Басылым қызметкерлері Қазақстанның барлық облыстарын аралап, ондаған киелі және туристік нысандарды аралайды.

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Владимир Курятов бастаған делегация Ақмола облысына барып, Көкшетауда облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімовамен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, журналистер «Науан Хазірет» кесенесіне барады.

Экспедиция қатысушылары Щучье-Бурабай курорттық аймағында ашық аспан астындағы «Ботай – Бурабай» мұражайына, «Абылай хан» сәулет-мемориалдық кешеніне, мультимедиялық интерактивті кешеніне барып, «AQBURA Resort» жаңа туристік нысанымен танысады. Сапар Кенесары үңгірі мен басқа да жерлерде жалғасын табады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button