Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметші қаза тапты

3
(3)

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстардың салдарынан тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жамбыл облысында өрт шыққан әскери бөлімде тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны белгілі болды. Өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылы дүниеге келген Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру жұмыстарына тікелей жетекшілік жасаған. Жарылыстан кейін оқиға орнында қаза тапқан. Ол 27 тамыз күні қайда екені туралы мәлімет жоқ әсери қызметшілердің қатарында болған», – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта. Сонымен қатар ведомство қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына және жақын туыстарына көңіл айтады.

«Қорғаныс ведомствосының басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына зор күйзеліспен көңіл айтады және бірге аза тұтады. Қорғаныс министрлігі оның отбасына қажетті көмек көрсетеді», – деді министрліктен.

Естеріңізге сала кетсек, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан осы уақытқа дейін 4 әскери қызметшінің қаза тапқаны, 3 әскери қызметші мен төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыстың жоқтығы белгілі болған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button