Жаңалықтар

Алдымен Арыс енді Жамбылдағы жарылыс: Қорғаныс министрі отставкаға кететінін айтты

2019 жылы Арыс қаласындағы әскери қоймада орын алған жарылыс кезінде де қорғаныс министрлігін Нұрлан Ермекбаев басқарған еді

ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Министрдің айтуынша, мәселе шешілгеннен кейін ол отставкаға кетуді жоспарлаған.

“Менің қазіргі ең басты мақсатым – сол апаттың салдарын тез арада жою. Отставка мәселесі жайында айтар болсам, осы хабарды естігеннен кейін алғашқы минутта мен өзім үшін отставкаға кетемін деген шешім шығардым. Ал қалғанын жоғарыдағы басшылық шешеді”,  – дейді Ермекбаев.

Айта кетсек, 2019 жылы Арыс қаласындағы әскери қоймада орын алған жарылыс кезінде де қорғаныс министрлігін Нұрлан Ермекбаев басқарған еді.

Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы апаттан 5 адам қаза тапқаны белгілі болды. Жалпы алғанда 88 азамат жарылыстың салдарынан зардап шеккен. Тағы 2 адам із-түссіз жоғалған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.