Жаңалықтар

Жаңа қаулы бойынша екпе алынбаған, жөтелі бар мұғалімдер білім ордасына кірігізілмейді

0
(0)

Жаңа оқу жылында вакцина алмаған педагогтер мен персонал білім мекемелеріне жіберілмейді. Бұл туралы еліміздің бас санитар Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды.

Жаңа ережеге сай мұғалімдер, өзге қызметкерлер мен ата-аналар қатаң түрде «Ашық» қосымшасы арқылы  бақыланады.  Бұдан бөлек,  балабақша мен орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларға, асханалар мен буфеттерге  «Ashyq» енгізіледі.  Ал осы мекемелерге мына адамдардың кіруіне болмайды. Олар:

– COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинасы жоқ мұғалімдер мен қызметкерлер;
– Жөтелі бар, мұрыны бітелген, дене қызуы 37 градустан жоғары респираторлық инфекциясы бар азаматтар;
– QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдар.

Атап өтерлігі, жаңа қаулыға сәйкес вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді. Алайда бұл шектеу 18 жасқа толмаған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және коронавируспен ауырып шыққан студенттерге қатысты емес. Жатақханаға екпе салдырған, 18-ге толмаған, соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырған студенттер ғана орналаса алады. Ал студенттерге университетке Ashyq қосымшасы арқылы кіруге рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, ұстаздардың, персонал мен білім алушылардың дене қызуы күн сайын өлшенеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button