Жаңалықтар

Тараз маңындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 66-ға жетті

0
(0)

Жамбыл облысында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 66-ға жеткен. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, олардың түрлі дене жарақаттарын алғаны белгілі болып отыр.

«Олардың дені жеңіл жарақат алған, екі адамның жарақаты ауыр. Одан бөлек, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан тек ресми жедел штаб берген ақпаратқа назар аударуды сұраймыз», – деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді. Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Орын алған төтенше жағдай бойынша Жамбыл облысының әкімдігі оқиға болған жерге жақын маңдағы ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button