Жаңалықтар

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шықты

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады newsroom.kz. порталы.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері көмектесуде. Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда», – делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілген.

https://www.instagram.com/p/CTCmADDMPes/?utm_source=ig_web_copy_link

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.