Жаңалықтар

Президент «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін салдырды

3
(2)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында  жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, екпе салдырғаннан кейін президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмаған. Мемлекет басшысы өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді», – дейді Берік Уәли.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button