Жаңалықтар

Жазира Байырбекова ауруханаға түсіп қалғанын айтты

3
(3)

Әнші Жазира Байырбекова сырқаттанып қалып,  жедел жәрдем  ауруханаға алып кеткен. Бұл туралы эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Байырбекова өзінің сырқаттанып қалуына байланысты орын алған қызықты жағдаймен де бөлісті. Белгілі болғандай, әншінің қарындасы оны ауырып қалатынын алдын ала көріп, оған ескерткен.

«Туған сіңілім Аққал Байырбек 3-4 күн бұрын хабарласып “әже сізге денсаулығын күтсін. Ауруы жанына батып тұрса да жұмыс істеп жүре бермесін” деді – деп хабарласты. Аққалдың айтқаны жедел жәрдеммен ауруханаға барғанда есіме түсті. Аққалдың түсіне үнемі бір әже кіріп алдынала көп нәрселер ескертіп тұрады.Біз тыңдамағанымызбен кейін әженің айтқаны дұрыс екеніне көзіміз жетіп жатады.» , – деп жазды Жазира Байырбекова.

Жазира Байырбекова өз кезегінде бүгінде жағдайы жақсарып қалғанын жазды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button