Жаңалықтар

Nur Otan партиясы Өскеменнің экс-әкімін қызметін босатуды ұсынды

5
(1)

Сауда және интеграция министрлігі басшысының атына Қуат Тұмабаевты  Экспортты қолдау департаментінің директоры қызметінен босату туралы хат жолданды.

Бұл туралы  Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Бұқаралық ақпарат құралдары сәуірде Қуат Тұмабаев Сауда және интеграция министрлігі  Экспортты қолдау департаментінің директоры болып тағайындалғанын жарыса жазды. Алайда бұл ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланды.

2018 жылдың сәуірінде Риддер қаласында 18 жасар жаяу жүргіншінің өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына Қуат Тұмабаевтың қатысы бар екені айтылған. Яғни ол бозбаланы қаққан жүргізушінің жанында отырып, кейін басқа көлікпен кетіп қалған. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оның мұндай жоғары лауазымға лайық еместігін айтып, қызметінен босатқан еді.

2018 жылы 13 тамызда Қуат Тұмабаев Өскемен қаласының әкімі қызметінен босату туралы арыз жазды.

Жақында оның Сауда және интеграция министрлігі  Экспортты қолдау департаментінің директоры болып тағайындалуы «Nur Otan» партиясы мүшесінің этика кодексіне және Саяси тұғырнама құндылықтарына қайшы келеді.

Соған байланысты партиялық бақылау елордалық комиссиясының кеңесі бойынша Қуат Тұмабаев партияның беделін түсіргені үшін оның қатарынан шығарылды.

Сауда және интеграция министрлігі басшысының атына Қуат Тұмабаевты  Экспортты қолдау департаментінің директоры қызметінен босату туралы хат жолданды», – деп жазды ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button