Жаңалықтар

Түркістандық тұрғын жалғызбасты анаға пәтер сыйлаған

3.4
(5)

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйді сыйға тарты. Екі қыз өсіріп отырған Назгүл Шадманова баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқанына бірнеше жыл болған.

Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді. Ол Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып, қыздарын асырап жүр. Тапқаны пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Келіншек күндіз-түні уайымға салынып келгенін жасырмайды. Енді күтпеген жерден баспаналы болып, қуанышқа кенелді. «Жаңа үйге қажетті жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге жұмсаймын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – дейді Н.Шадманова.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button