ӘлемдеЖаңалықтар

Түркияда локдаун енгізіледі

5
(2)

Түркияда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 29 сәуірден бастап 17 мамыр аралығында толық локдаун енгізілді. Бұл туралы 26 сәуір күні ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Біз 29 сәуір, бейсенбі сағат 19:00-ден бастап 17 мамыр, дүйсенбі сағат 05:00-ке дейін толық жабыламыз», деді Ердоған.

Жаңа эпидемиологиялық іс-шараларға сәйкес тұрғындар рұқсат алғаннан кейін ғана қалааралық қатынастар жасай алады. Ал қалааралық транспорттар 50%-тік жүктемемен жұмыс істейді. Сондай-ақ сауда желілері жексенбі күні жабық болады. Мемлекет басшысы жағдайды қысқа мерзімде бақылауға алу үшін халықты ережелерді қатаң сақтауға шақырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button