COVID-19 vs QazaqstanБатыс Қазақстан облысыЖаңалықтар

Еліміздің бір өңірінде блокпосттар орнатылады

4
(3)

Батыс Қазақстан облысында 1 мамырдан бастап карантин шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі inform.kz.-ке сілтеме жасап.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері орынбасарының 26 сәуірдегі қаулысымен індетке қарсы іс-шараларды жүргізу үшін периметр бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Орал қаласы, сондай-ақ, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қазталов, Теректі және Шыңғырлау аудандарының кіреберіс жерлеріне блокпосттар орнатылады.

Блокпосттар арқылы кедергісіз өтуге халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық көрсеткіштер бойынша жүріп-тұратындар, карантиндік стационарда емделушілер мен бақыланушылар, жүк тасымалдаушылар және транзиттік жолаушылар, ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік қүралдарына рұқсат беріледі.

Облыс көлемінде «Ashyg» жобасы енгізіледі.

Жасы 65-тен асқандарға аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерлерінен кетпеуге кеңес беріледі. Басқа да карантиндік шектеу шаралары сақталады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button